Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы трагедиясы: Зардап шеккен 2 мыңға жуық кәсіпкер өтемақыға өтінім берді

Опубликовано:

Бизнесмендер
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда тағы 102 кәсіпкер залал өтемақысын алды. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиясы жалпы сомасы 188,6 млн теңгеге кәсіпкерлердің 102 өтінімін мақұлдады.

Оның ішінде 55,2 млн теңге сомасына 32 өтінім бюджет қаражаты есебінен, қалған 133,4 млн теңгенің 70 өтінімі "Жаңа Алатау" қайырымдылық қорының қаражатынан қаржыландырылды.

Айта кетейік, комиссия жұмысының барлық кезеңінде бүгінгі таңда 644,9 млн теңге сомасына 362 өтінім мақұлданды, оның ішінде 212,4 млн теңгеге 140 өтінім бюджет қаражатынан, 432,5 млн теңгеге 222 өтінім қор қаражатынан қаржыландыруға ие болды.

"Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтінімдер түсу жалғасуда, Info Kazakhstan сайтына Алматы қаласы кәсіпкерлерінен барлығы 2 мыңға жуық өтінім келіп түсті",- деп мәлімдеді басқарма.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955584-almatyda-qantar-oqigasynan-zardap-sekken-2-mynga-zuyq-kasipker-otemaqyga-otinim-berdi/

pixel