Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа босанған әйел перзентхана тамағына шағымданды

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық келіншек қаладағы №1 перзентханада жүкті және босанатын әйелдерге берілетін тамаққа шағымданды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әлеуметтік желіде жаңа босанған анаға арналған тамақтың видеосы тарады. Бейнежазбадан ыдыстағы тамақ мөлшері өте аз екенін көруге болады. Мұндай тамақ №1 перзентханада берілетіні айтылды.

"Беретін тамақтың мөлшері аз әрі артық бермейді. Көрсетілетін қызмет бойынша мәселе жоқ, бәрі жақсы", - делінген видеодағы жазбада.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға қатысты түсінік берді.

"Жүкті және босанған әйелдерге арналған перзентханада тамақ "тамақтанудың табиғи нормаларына" сәйкес беріледі. Соның ішінде №15 диеталық кестеге сәйкес жүргізіледі. Ас мәзірі күн сайын бекітіледі. Диетолог үнемі қадағалап отырады. Пациенттерден басқармаға шағым түскен жоқ", - деп хабарлады басқармадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955587-almatyda-zana-bosangan-aiel-perzentxana-tamagyna-sagymdandy/

pixel