Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Қазақстанда филиалын ашатын ресейлік университеттерді атады

Опубликовано:

студенттер11
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде елімізде филиалын ашатын ресейлік техникалық университеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл – Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, көрші елдің техникалық жоғары оқу орындарының әлеуетін біздегі маман тапшылығын шешуге оңтайлы пайдалануға болады.

"Қазақстанда инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті мамандардың сұранысқа ие екенін ескере отырып, білім беру саласындағы әріптестікке ерекше мән берілді. Мен бүгінгі келіссөздер барысында құрметті Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал жоғары оқу орындарының, бірінші кезекте, техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын Қазақстанға бағыттауға келіскені үшін ризашылық білдірдім. Мен бұл филиалдар біздің елдегі білім саласының дамуына елеулі үлес қосады деп ойлаймын", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955602-prezident-qazaqstanda-filialyn-asatyn-reseilik-universitetterdi-atady/

pixel