Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамды қағып өлтіргені үшін істі болған аудан әкімі орынбасарының жүргізушісі рақымшылыққа ілікті

Опубликовано:

KIA
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының тұрғыны әкесін Жақсы ауданы әкімі орынбасарының көлік жүргізушісі қағып өлтіргенін, бірақ рақымшылық заңына байланысты кінәлі ешқандай жазаға тартылмағанын жеткізді. Ер адам әлеуметтік желіде полиция бөлімі мен прокуратура басшылығына жүгініп, мән-жайды анықтауды сұраған. Желідегі жазбаға облыстық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2021 жылы 2 желтоқсанда Жақсы ауылында әкемді аудан әкімінің орынбасары Сейдахметованың қызметтік көлігі қағып кетті. Көлікті жүргізушісі Базылов басқарып келе жатқан. Оқиға сағат 18.40-та, яғни жұмыстан тыс уақытта болғанын ескеру керек", – деп жазды Марат Клименко.

Жол апатынан екі ай өткенде Марат Клименко жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулы келгенін айтады. Полицейлер оны "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты" деп түсіндірген.

Сонымен қатар, Марат Клименко әкім орынбасары жүргізушісінің әлі күнге көлік басқарып жүргенін айтады.

"Біздің елде кісіні қағып өлтірсе де жазаланбайды", - деп ашуланды ер адам желідегі жазбасында.

Ақмола облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісінің болғанын, сондай-ақ жүргізушінің босатылғанын растады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2021 жылдың 2 желтоқсанда Жақсы ауылындағы Гагарин көшесімен келе жатқан "КIA" көлігін басқарған Базылов жаяу жүргінші Клименконы қағып кеткен, ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ал 8 желтоқсанда рақымшылық туралы заң қабылданды.

Адам өліміне әкелген жазатайым оқиға жеңіл қылмыс санатына жататындықтан, 2022 жылдың 1 ақпанында қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарылды.

"3 ақпанда прокуратура шешімді бекітті", - дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955648-audan-akimi-orynbasarynyn-zurgizusisi-er-adamdy-qagyp-oltirip-zazadan-qutylyp-ketti/

pixel