Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы көшесінде шар сатып жүрген кішкентай қыз полиция назарына ілікті

Опубликовано:

Шар сатқан қыз
Фото: instagram.com/krisp__almaty

Алматы полициясы қалада кешкі уақытта шар сатумен айналысатын қыз бала туралы жазбаға пікір білдірді. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Telegram каналында хабарлады.

Шар сатып жүрген қыз баланың видеосы Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.

"10 жастағы қыз бала қыс бойы күн суықта тұрды. Шар сатады. Сағат түнгі 10 болып қалды. Өтінемін, шара қолданыңыздар. Қыздың түрінен жаурағаны көрініп тұр. Бала мұндай уақытта суықта тұрмауы керек", - делінген жазбада.

Жазбаға қала полициясы назар аударып, қыздың ата-анасын анықтаған.

"Анасы 1975 жылы туған азамат И. тексеру кезінде Сейфуллин көшесінде, Мақатаев көшесінен төменде болды. 11 ақпанда көшеде кәмелетке толмаған баланың жүргені жөніндегі мәселені Алатау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қарайды", - деді Әбдірахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955692-almaty-kosesinde-sar-satyp-zurgen-kiskentai-qyz-policiya-nazaryna-ilikti/

pixel