Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК өкілдері 12-14 ақпан арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы жауын-шашынды болады.

Күн жылына бастағанымен, екпінді жел соғуы ықтимал. Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Синоптиктердің болжамынша, ақпанның екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, екпінді жел, батыста бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Сондай-ақ, Шығыс Сібір аудандарындағы суық антициклонның әсерінен ауа температурасы батыста -22 градусқа, солтүстікте -35 градусқа, оңтүстікте -15 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955701-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel