Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Ерлан Бекхожин
Ерлан Бекхожин. Фото: Хабар 24

"Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин еңбек келісімшартының мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, Бекхожин "Хабар" агенттігі" АҚ-да 2019 жылдан бері қызмет еткен.

Әзірге басқарма төрағасының міндетін уақытша Ринат Кертаев атқарады. Ол бұған дейін "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Еске сала кетсек, 9 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарлары болып Есет Байкен мен Берік Жәкенов тағайындалған болатын.

Одан бөлек, 10 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаментіне Арманбек Баймурзин басшылыққа келді.

Ал Аян Дүйсембаев Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955719-erlan-bekxozin-xabar-agenttiginin-bassysy-qyzmetinen-ketti/

pixel