Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қаңғыбас жануарларды аулауға миллиондаған ақша бөлінбейтін болды

Опубликовано:

ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшысының орынбасары Данияр Тұрғамбаев ОКҚ өткен брифингте 2 наурыздан бастап Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулауға және жоюға миллиондаған қаражат бөлінбейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Данияр Тұрғамбаевтың сөзінше, 2 наурыздан бастап Қазақстанда үйсіз жануарлардың саны тек ұрықсыздандыру арқылы реттеле бастайды.

"Біз жергілікті атқарушы органдардан статистика сұрадық. Өңірлер қаңғыбас жануарларды аулауға және жоюға шамамен 60-150 млн теңге жұмсаған. 2 наурызда заң күшіне енгеннен кейін жою үшін мұндай сомада ақша бөлінбейді, біз олардың санын тек ұрықсыздандыру арқылы реттейміз", - дейді ол.

2022 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енетін "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа заңның 25-бабында былай деп көрсетілген:

"Қаңғыбас жануарлардың санын улау және өзге де химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен өлтіру арқылы реттеуге тыйым салынады".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955745-elimizde-qangybas-zanuarlardy-aulauga-milliondagan-aqsa-bolinbeitin-boldy/

pixel