Қазақстан тағы алты елдің вакцинация паспортын мойындады
Опубликовано:

Қазақстан тағы алты елдің коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын мойындады. Тиісті қаулы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.
Бұған дейін Қазақстан вакцинация паспортын мойындаған мемлекеттер тізіміне 24 ел кірген еді.
Жаңа қаулыға сәйкес, аталған тізімге тағы 6 ел - Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Индонезия, Шри-Ланка және Эквадор қосылды.
Жалпы алғанда Қазақстанда Аргентина, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Мажарстан, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония және Жапония мемлекетінің коронавирусқа қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955746-qazaqstan-tagy-alty-eldin-vakcinaciya-pasportyn-moiyndady/