Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кредиттік рақымшылық жасалады": Желіде тағы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалатыны туралы ақпарат тарауда. Алайда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Агенттік осы орайда кредиттері бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен азаматтарға қолдау көрсету үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгенін хабарлады.

Төлеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты мәселелер туындаған жағдайда қарыз алушы банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгінуі қажет.

Қаржы ұйымдары олардың өтініштерін қарап, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптарын ұсынады.

Оған не жатады:

  • сыйақы мөлшерлемесін азайту;
  • төлемді кейінге қалдыру;
  • төлем әдісін өзгерту;
  • қарыз мерзімін ұзарту;
  • мерзімі өткен негізгі борыш және сыйақыны кешіру;
  • айыппұлдың, комиссиялардың және қызмет көрсетумен байланысты өзге де төлемдердің күшін жою және тағы басқа.

"Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге қол жеткізе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде агенттікке жүгінуге құқылы", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955769-kredittik-raqymsylyq-zasalady-zelide-tagy-zalgan-aqparat-tarady/

pixel