Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі (фото)

Опубликовано:

1
Фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.

2
Фото: Polisia.kz

"Екі күдікті – Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғыны. Айтпақшы, ол бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды.

Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық Полиция бепартаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955781-almaty-policeileri-qaru-zaraq-dukeninen-urlangan-qarudy-tarkiledi-foto/

pixel