Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда аулада ойнап жүріп жоғалған 8 жасар бала табылды

Опубликовано:

Жеткіншек
Көрнекі фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 8 жасар баланың ата-анасы елордалық полицейлерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 17.00 шамасында "102" арнасына елорда тұрғынынан баласы күндіз аулаға шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Баланы іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы бағытталған. Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған баланың баруы мүмкін жерледі зерттеп, өтіп бара жатқандардан сұрады.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлерінің қабылдаған шараларының нәтижесінде бала табылып, туған-туыстарына берілді.

"Кәсіби шеберлігі мен өз қызметін жедел әрі адал атқарғаны үшін Есіл ауданының полиция қызметкерлеріне, атап айтқанда ЖҚБ аға жедел уәкілі Қуаныш Қарабалин мен Серік Байшараевқа үлкен ризашылығымды білдіргім келеді", - дейді кәмелетке толмаған баланы анасы Райхан Рахатқызы.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға баласының жүрген жерін бақылау керк екенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955782-nur-sultanda-8-zasar-bala-aulada-oinap-zurip-zogalyp-ketti/