Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында алабай иті ер адамға шабуыл жасады

Опубликовано:

Алабай иті
Көрнекі фото: Zhenikeyev / Getty Images

Ақтөбе облысында алабай иті ер адамға шабуыл жасады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

10 ақпан күні сағат 18:31-де Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығына 43 жастағы ер адамнан қоңырау келіп түсті. Оның айтуынша, Құрайлы кентінің өнеркәсіптік аймағы ауданында оған алабай тұқымды ит шабуыл жасап, тістеп алған, содан кейін бірден ауруханаға ауыр халде жеткізілді.

Бұл жағдайға дер кезінде ден қойған Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімінің қызметкерлері Құрайлы кентінің өнеркәсіптік аймағын тексеру кезінде ақ түсті алабай тұқымды итті тауып, иесін анықтады.

ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) дерегі бойынша ит иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (отыз мың алты жүз отыз теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, полицейлер алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы үй иесімен профилактикалық әңгіме өткізді. Қазіргі уақытта ит байланып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955784-aqtobe-oblysynda-alabai-iti-er-adamga-sabuyl-zasady/

pixel