Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тас жолдар жабылды

Опубликовано:

Тас жол
Көрнекі фото: Хабар 24

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде тас жолдар жабылды. Олардың қатарында Ақмола және Қарағанды облыстары бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазавтожолдың" Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, 13 ақпан күнгі 12:00-де ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қарағанды мен Ақмола облыстарында барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Қарағанды облысында жабылған тас жолдар:

  • "Қызылорда-Павлодар" тасжолының 937-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі учаске.
  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 0-16 шақырымы, Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс айналма жолындағы учаскедегі жолдар.

Ақмола облысында жабылған тас жолдар:

  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1291-1425 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейінгі учаске
  • "Нұр-Сұлтан-Петропавл" тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955877-elimizdin-birnese-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-tas-zoldar-zabyldy/

pixel