Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай төмендеді

Опубликовано:

корона тест11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жайлы мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1311-ге дейін төмендеп отыр, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Мәселен, 13 ақпанда:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 112
  • Алматы қаласында - 382
  • Шымкент қаласында - 7
  • Ақмола облысында - 108
  • Ақтөбе облысында - 22
  • Алматы облысында - 70
  • Атырау облысында - 17
  • Шығыс Қазақстан облысында - 36
  • Жамбыл облысында - 13
  • Батыс Қазақстан облысында - 36
  • Қарағанды облысында - 74
  • Қостанай облысында - 115
  • Қызылорда облысында - 12
  • Маңғыстау облысында - 5
  • Павлодар облысында - 157
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 143
  • Түркістан облысында - 2 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 291 220-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте, 4 892 адам аурудан жазылып шыққан.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 53 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 174 пациент стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

350 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955930-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-1311-ge-deiin-azaidy/

pixel