Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада сотталушы колонияға айранның ішіне гашиш салып кірмек болған (фото)

Опубликовано:

Есірткі
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда колонияға айранның ішіне гашиш салып кірмек болған сотталушы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, елорда бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы жұмыс орнынан қайтып келе жатып, колония аумағына салмағы 10 грамнан асатын есірткі затын кіргізбек болған.

Сотталушыны тексеру барысында айран қорабынан гашиш салынған екі полиэтилен пакет табылған.

Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Мекеме аумағына есірткінің енуіне жол бермеу жұмыстары жалғасуда және күшейтілуде. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен, үкіметтік емес ұйымдармен және нарколог дәрігерлермен бірлесіп сотталғандардың есірткі қолдануының алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде", - дейді мекеме басшысының жедел-режимдік жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956005-elordada-sottalusy-koloniyaga-airannyn-isine-gasis-salyp-kirmek-bolgan-foto/

pixel