Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы прокуратурасы сұйытылған газ сататын ірі мекемеге қатысты қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

жанармай бекеті
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы прокуратурасы мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қалалық департаменті "Petrosun" ЖШС-не қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды мемлекеттік органның ресми сайты.

Прокуратура мәліметінше, компания сұйытылған мұнай газын сату бойынша оңтүстік өңірде нарықтың 76,9% үлесін иеленіп, бәрінен басым түсіп тұр.

"Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін "Petrosun" осы жағдайды асыра пайдаланып, автогаз бағасының шекті деңгейін ай сайын көтеріп отырған.

Нәтижесінде көрсетілген мерзімде бір тонна тауардың құны 323,8%-ға дейін өскен", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Аталған факті бойынша прокуратура қылмыстық кодекстің 221-бабының 2-бөлігі "Монополистік қызметті теріс пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер қазіргі уақытта жария етілмейді", - деп мәлімдеді прокуратура.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956037-almaty-prokuraturasy-suiytylgan-gaz-satatyn-iri-mekemege-qatysty-qylmystyq-is-qozgady/

pixel