Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Калашников" автоматын жерге көмген: 19 жастағы жігіттің жасырын қоймасы табылды

Опубликовано:

1
Фото: Sputnik Қазақстан/ Табылды Кадырбеков

Жамбыл облысында Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны қару-жарақ салынған пакеттерді үйінің аумағындағы жерге көмген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция 19 жастағы күдіктіні ұстады.

"Пакеттердің ішінен бір "Калашников" автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматтың 76 оғы мен тегіс ұңғылы аңшы қаруына арналған 26 оқ табылды", - деді өңірлік полиция департаменті.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған жігіт кінәсін мойындады.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-тармағы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысының полиция департаменті қару-жарақтың орны жайлы хабар берген немесе оны өз еркімен полицияға тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды. Адамдардың аты-жөні жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956047-kalasnikov-avtomatyn-zerge-komgen-19-zastagy-zigittin-zasyryn-qoimasy-tabyldy/

pixel