Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында із-түзсіз кеткен көлік жүргізушісі аман-есен табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында жоғалып кеткен көлік жүргізушісі аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысында жанармай таситын көліктің 27 жастағы жүргізушісі жоғалып кеткенін жазған едік. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүргізуші 12 ақпанда Мақат ауданына бару үшін көлігімен жолға шыққан. "Арна" ЖШС жүргізушісі Мақат ауданындағы "Қаратал" кен орнына бармақ болған.

Алайда, 14 ақпанға дейін кен орнына жетпегені анықталған. Сол себептен, оны 14 ақпан күні түнде басталған іздестіруге №8 өрт сөндіру бөлімінен 3 қызметкері мен 1 «УАЗ» көлігі мен туыстары шықты.

Ал, сол күні таңертең сағат 06:20-да жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен 1 «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігі, «Арна» ЖШС-нің 3 қызметкері мен 1 техника, сондай-ақ, туыстарынан 13 тартылды.

Кейін "Қаратал" кен орнына таяу маңға Қазавиақұтқару» АҚ-на қарасты МИ-8 тікұшағымен әуеден шолу жасалды. Оған экипаждың 4 мүшесі, төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері, туыстарынан 3 адам қатысты.

"Құтқарушылар жанармай таситын көлігімен жоғалып кеткен жүргізушіні 14 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 17:12-де Мақат ауданындағы Доссор кентінен тапты. Жүргізушінің айтуынша, жолда көлігі бұзылып, сол себептен, Доссор кентіне жаяу жеткен. Денсаулығы қалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді", -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956107-atyrau-oblysynda-iz-tuzsiz-ketken-kolik-zurgizusisi-aman-esen-tabyldy/

pixel