Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулік ішінде екі көлік ұрлаған Қызылорда тұрғыны полицейлерді әбігерге түсірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Теларна дерегінше, бір күнде полиция басқармасына Daewoo Nexia мен Niva 2121 көліктерінің ұрланғаны туралы арыз түскен.

Хабар алысымен іздеу жұмыстарынан кіріскен тәртіп сақшылары алдымен байнебақылау камераларын "ақтарған". Бұл әдіс жемісін беріп олар ер адамның ізіне түседі.

Нәтижесінде "Боран – 9" экипажы көп қабатты үйлердің ауласында жасырылған көліктерді және күдіктіні тапқан.

Қазіргі уақытта Daewoo Nexia мен Niva 2121 иелеріне қайтарылды. Ал ұрлық жасады деп күдіктілген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

"Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгеге жуық. Аталған хабарлама бойынша қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті азаматқа қатысты ешқайда кетпеу және мінез-құлқына байланысты бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді жедел басқару орталығының басшысы Берікбол Ерімбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956108-bir-taulik-isinde-eki-kolik-urlagan-qyzylorda-turgyny-policeilerdi-abigerge-tusirdi/