Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханадан шығармай ма: ДСМ жауап берді

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тврап жатыр. Бұл хабарламаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды stopfake.kz.

Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мұндай ақпараттар фейк.

"Біздің елімізде де, әлемде де, жаңа туған нәрестелерді COVID-19 қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстанда 12 жастан асқан балалар ғана COVID-19 қарсы егіледі. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty. Оны ДДСҰ мақұлдады. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды", – деді ол.

Ержан Байтанаев қазақстандықтарды көрінеу жалған ақпарат таратпауға шақырды және елімізде мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956109-elde-narestelerdi-covid-19-ga-qarsy-vakcinasyz-perzentxanadan-sygarmai-ma-dsm-zauap-berdi/

pixel