Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтардағы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ұсталған тағы 14 адам бостандыққа шықты

Опубликовано:

Бүлік
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттегі тергеу изоляторынан 14 адамның босап шыққаны туралы "Аманат" қоғамдық комиссиясының белсенді мүшесі Уайс Ерсайынұлы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Комиссия белсендісі Шымкентте Аманаттың ат салысуымен бостандыққа шыққан азаматтардың тізімін жария етті.

"Аманат" комиссиясынан бүгінгі сүйінші хабар. Комиссиямыздың ұсынған тізімі бойынша Шымкент қаласындағы "Сәуле" тергеу изоляторынан тағы 14 адам босап шықты. Олар: Ишметов Т. А., Татаев Н. К., Асыл Қ.А, Садықов Д., Махан М.К., Айтуов А.Н., Мәуеш С. Д., Оралбай Ә. Қ., Шадибеков Ш. Т., Сапарбай Д. Е., Сейілхан Н. Е., Жамантаев Н. Н., Тайғараев Д. Н., Смайыл Д. Б.", - деп жазады Уайс Ерсайынұлы Facebook парақшасында.

Айта кетейік, "Аманат" қоғамдық комиссиясы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажановтың төрағалығымен өткен жиынға қатысқаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Осыған дейін Абзал Құспан БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында "Аманат" комиссиясы ел бойынша 85 адамның тергеу изоляторынан босап шығуына көмектескенін айтқан болатын.

Нәтижесінде бүгінге дейін "Аманат" комиссиясының атсалысуымен барлық босап шыққан адамдардың саны 99-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956142-qantardagy-oqigaga-qatysy-bar-degen-kudikpen-ustalgan-tagy-14-adam-bostandyqqa-syqty/

pixel