Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалар тауып алмағаны жақсы болды": Алматыда жарылғыш зат жасырылған орын анықталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: Polisia.kz

Алматының шетінде оқ-дәрі мен "Молотов коктейлі" жасырылған пакет табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы "Дархан" ықшамауданының тұрғыны полицияға хабар берген.

Оның сөзінше, туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын тексеру кезінде гранаталар, калибрлі патрондардың бірнеше түрін, противогаздар, револьвер, "Молотов коктейлін" тәркілегені белгілі болды.

Бұл дерек қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің тізіліміне енгізілген.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956154-balalardyn-tauyp-almagany-zaqsy-boldy-almatyda-zarylgys-zat-zasyrylgan-oryn-anyqtaldy/

pixel