Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент мешітінде намаз кезінде жасалған ұрлық видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жұма намазы
Көрнекі фото: "Азаттық рухы" басылымы

Шымкент қаласындағы мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызданған қала тұрғыны мешітте зарядталып тұрған "Samsung" маркалы ұялы телефоны жоғалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына барған полицейлер бірден куәгерлерден жауап алып, бейнекамераларды қарап шыққан.

Видеода кешке мешітке келген ер адам жұртпен бірге намаз оқығандай сыңай танытады. Бірақ бәрінің соңында тұрған. Жиылған жұрт сәждеге бас қойғанын пайдаланып, зарядталып тұрған ұялы телефонды ұрлап кеткен. Сондай-ақ оның дәрет алатын жердегі тағы бір ұрлығы да видеоға түсіп қалған.

Ұсталған ер адам 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны хабарланды.

Оған сәйкес, бірнеше рет жасалған ұрлық әрекеті үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі де тәркіленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956157-symkent-mesitinde-namaz-kezinde-zasalgan-urlyq-videoga-tusip-qaldy/

pixel