Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға қалыңдығы 18 сантиметр қар түсті: 600 техника көшелерді тазалауда

Опубликовано:

Қар тазалау техникалары
Видеодан кадр: Алматы қаласы әкімдігі

15 ақпан күні таңертең Алматыда 15-18 см, тау етегіне жақын аудандарда 22-30 см қар жауды. Коммуналдық қызмет мегаполис көшелерін тәулік бойы тазалауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, таулы аймақта 45 см-ге дейін қар жауған.

Түн ортасынан бастап қала көшелеріне көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, жол бойындағы қарды шығару үшін арнайы техника колонналары ұйымдастырылған. Ал оларды патрульдік полицейлер алып жүр.

"Таңертеңгі қарбалас уақытта көліктердің кедергісіз өтуін ұйымдастыру мақсатында қаланың негізгі көшелері мен жоғарғы бөлігінде қар үш рет күрелді. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамалар мен қоғамдық орындарды механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Таңғы сағат 8-де мегаполис көшелерінен 330 текше метр қар шығарылған.

Қар тазалауға барлығы 616 техника мен 1,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Аудан әкімдіктерінде тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет"болжамы бойынша, қар күннің екінші жартысында аяқталады. Алматыда күндіз 0-ден 3 градусқа дейін аяз күтілуде.

Айта кетейік, Нұр-сұлтан әуежайында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 17 рейс шегерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956177-almatyga-qalyndygy-18-santimetr-qar-tusti-600-texnika-koselerdi-tazalauda/

pixel