Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік космонавт Маңғыстауды ғарыштан көрсетті

Опубликовано:

Ғарыш
Көрнекі фото: pxhere.com

Ресейлік космонавт Олег Артемьев Маңғыстау облысы мен Каспий теңізін ғарыштан видеоға түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Олег Артемьев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялап:

"Қазақстанның үстінен ұшып бара жатырмыз. Қазақстанға жалынды сәлем. Біз ұшып бара жатқан қаланы таныдыңыз ба?", - деген жазба қалдырды.

Видео кадрынан Маңғыстау облысы мен Каспий теңізінің сұлбасын аңғару қиын емес.

Ресейлік космоновтың видеосын әлеуметтік желіде қазақстандықтар тамашалаған.

Олар Олег Артемьевке де сәлем жолдап, алғыстарын жаудырды.

"Рақмет сізге", "Өте әдемі кадр", "Қазақстаннан, соның ішінде Павлодардан жалынды сәлем", "Видеода Ақтау немесе Атырау қаласы көрінеді", "Ғажайып кадр", "Адамзат баласына жасаған сыйлығыңыз үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ", "Қазақстанның барлық аймағын көрсеткеніңізде бұдан да тамаша болатын еді", "Еңбегіңіз жемісті болсын", - деді ел тұрғындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956192-reseilik-kosmonavt-mangystaudy-garystan-korsetti-video/

pixel