Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда адам шошырлық күйде табылған төрт балаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Екібастұздағы "маугли" балалар
фото: pixabay.com

Екібастұзда кездейсоқ табылған төрт баланың тағдыры қоғамды алаңдатып отыр. Олар өздігінен жүре алмайды, тіпті, тілі де шықпаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Балалардың үлкені - жеті, кішісі - үш жаста. Олар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген. Үш күннен бері нәр татпаған балалар жедел ауруханаға жеткізілді.

Ең өкініштісі - төрт баланың үшеуі сөйлей алмайды. Тек жеті жасар баланың ғана тілі шыққан.

Еріктілердің айтуынша, балалар адам көрсе шошитын халге түскен. Екеуінің аяғы бұралып өсіпті. Ал кішкентай қыздың іші үлкейіп кеткен.

"Біз пәтерге барған кезде балалар жалаңаш жүрді. Үсті-басы кір-қожалақ. Үйдің іші лас, барлық жерде нәжіс, зәрдің иісі шығып тұрды. Ұлдардың бірі құсып жүр. Олардың үш күн бойы тамақ ішпегенін кейін білдік. Үйде тіске басар ештеңе жоқ", - дейді ерікті Людмила Былинина.

Мұндайды еріктілер де күтпеген секілді. Адам шошырлық жағдайдағы балаларға жедел жәрдем шақыртқан. Балалардың жағдайын көрген дәрігерлер де оларды дереу анасымен бірге ауруханаға жатқызыпты.

"Төрт баланың үшеуінің өкпесі қабынған. Біреуі ковид жұқтырғаны анықталды. Жергілікті дәрігерлер оны тіркеуге алмаған. Осы дерек бойынша қызметтік тексеру басталды. Кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Бір қызығы бұлар ешқандай медициналық ұйымға да тіркелмеген. Қазір анасымен бірге облыстық балалар ауруханасында жатыр. Төртеуі де физикалық тұрғыдан дамымай қалған. Біз қазір бүлдіршіндерді толық тексеруден өткізудеміз", - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнұр Бұратаева.

Әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырған бұл мәселеге Екібастұз атқамінерлері араласты. Аймақ басшысы қарамағындағыларға оқиғаның себеп-салдарынан анықтауға тапсырма берді. Ал баласына дұрыс қарай алмағандарды ата-ана құқығынан айыру жағы қарастырылып жатыр.

Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956196-ayaqtary-buratylyp-isi-osip-ketken-adam-sosyrlyq-kuide-tabylgan-tort-balaga-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel