Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәретхана далада тұратын": Алматы облысында елу жыл бойы жөндеу көрмеген емхана адам танымастай өзгерді (фото)

Опубликовано:

амбулатория
коллаж: KAZ.NUR.KZ

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты ауылдық жерлердегі амбулаториялардың жағдайы көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Жергілікті халық салынғалы бері жөндеу көрмеген ғимараттарда жылдар бойы емделіп келе жатқанын айтып, назын жеткізген еді. Бүгінде сондай емханалардың бірі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жөндеуден өткен емдеу мекемесінің бірі - Қызыл Қайрат ауылдық амбулаториясы.

Мекеме меңгерушісі Рабиға Тілегенованың айтуынша, өзі басқаратын емдеу мекемесі 1970 жылы салынған. Содан бері мұнда бірде-бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

"Іші суық, қараңғы әрі ызғар болатын. Қуанышқа орай, биыл жөндеу жүргізіліп, іші жарқырап тұр. Дәретхана далада тұратын. Науқастарға қыстың суығында әжетханаға бару қиын еді. Қазір бәрі іште", - дейді Рабиға Тілегенова.

Қызыл Қайрат ауылының тұрғындары амбулаторияға ЭКГ және УЗИ құрылғылары орнатылғанына қатты қуанып отыр. Бұған дейін тұрғындар осы қызмет түрлерін алу үшін аудан орталығына баратын.

Айта кетейік, ауыл тұрғындары амбулатория дәретханасының далада орналасқанын талай мәрте көтеріп, басшылық алдына барған еді. Әлеуметтік желіде де ауылдық жердегі емханалардың мүшкіл күйі көрсетіліп, жергілікті тұрғындар дабыл қаққан болатын.

Талғар ауданына қарасты ауылдық жерлердегі амбулаториялар мекеме сенімгерлік басқаруға берілген соң жөнделе бастаған.

амбулатория
коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956210-daretxana-dalada-tur-almaty-oblysynda-elu-zyl-boiy-zondeu-kormegen-emxana-adam-tanymastai-ozgerdi-foto/

pixel