Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасынан алынатыны рас па

Опубликовано:

мектеп
Көрнекі фото: Pexels

Әлеуметтік желіде "Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде "Өзін-өзі тану" пәні жақын арада міндетті пәндер тізімінен алынады деген ақпарат тарап жатыр.

Осыған байланысты NUR.KZ тілшісі Білім және ғылым министрлігіне жүгініп, мән-жайды білді.

Ведомствоның мәліметінше, оларға расында да мұндай ұсыныстар түсіп жатыр.

Қазір министрлік түрлі нұсқаларды, оның ішінде келесі оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" пәнін факультативтік санатқа ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда.

Егер бұл жүзеге асса, онда пән бұрынғыдай 1-11 сынып аралығында емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқытылады.

Сонымен бірге, министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары жаңартылуда және мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Білім және ғылым министрлігі қосымша ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде "балалар сабақтан себепсіз қалса, оқушылардың ата-анасына айыппұл салынады" деген ақпарат тараған еді.

Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті теріске шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956236-ozin-ozi-tanu-pani-mektep-bagdarlamasynan-alynatyny-ras-pa/

pixel