Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 16-17 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 16 ақпанда Қарағанды облысының шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында екпіні 18 м/с дейін жетеді.

17 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы бұрқасын болуы ықтимал. 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, 16 ақпанда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

16 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі.

16-17 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында да тұман күтіледі. Одан бөлек, шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында да 16-17 ақпанда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956262-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/