Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүріп келе жатқан көліктің терезесінен шыққан жартылай жалаңаш ару мен жүргізуші жазаланды

Опубликовано:

көлік520
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы полицейлері жартылай жалаңаш күйі жүріп бара жатқан көліктің терезесінен шыққан бойжеткен мен көлік жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартқан. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәртіп бұзушылық түсірілген видео әлеуметтік желіде бірнеше күн бұрын жарияланған еді.

Полиция бұл жайттан кейін көлік жүргізушісін анықтаған, ол 1997 жылы туған азамат болып шыққан.

Көлік жүргізушісіне қатысты 230-баптың 2-бөлігі (сақтандырудың жоқтығы), 590-баптың 9-бөлігі (техникалық байқаудың болмауы), 593-баптың 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599-баптың 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар, жүргізушімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек, жартылай жалаңаш күйі жүріп бара жатқан көліктен терезесінен шыққан аруға да қатысты әкімшілік шара қолданылған.

"Оған Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды", - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956284-almatyda-zurip-kele-zatqan-koliktin-terezesinen-syqqan-zartylai-zalanas-aru-men-zurgizusi-zazalandy/

pixel