Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

16 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 1508 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавиру жұқтырғандар саны 1 293 901-ге жетіп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 45 328 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 191 пациент стационарда, 39 137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 308 адамның жағдайы ауыр, 133 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 101 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956296-koronavirus-nur-sultan-qalasy-men-qaragandy-oblysy-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel