Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем бойынша төртінші адам "ВИЧ-тен" жазылып шықты

Опубликовано:

АИТВ
Көрнекі фото: Pexels

Дүние жүзінде төртінші адам бағаналық жасушаларын ауыстыру және кіндік қанын құю арқылы АИТВ-инфекциясынан (ВИЧ) жазылып шықты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, науқас әйелден АИТВ анықталғанына төрт жыл өткен соң оның аққан ауруына шалдыққаны белгілі болған.

Нью-Йорк дәрігерлері пациентке вирустың көбеюіне жол бермес үшін сирек кездесетін генетикалық мутацияға ұшыраған туысының бағаналық жасушаларын салған. Сондай-ақ, оған жаңа туған нәрестенің кіндік қанын құйған.

Емдеуден кейін әйел 2020 жылғы қазан айынан бастап антиретровирустық терапия қабылдамаған. Өйткені одан бері АИТВ-инфекциясының белгілері байқалмаған екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Калифорнияның 66 жастағы тұрғы Лорин Уилленбергтің организмі АИТВ вирусын өзі жеңгенін жазған едік.

Лорин Уилленбергке қауіпті диагноз 90 жылдардың басында қойылған. Ғалымдар Лоринді жылдар бойы зерттеген. Өйткені оның иммунитеті вирусқа қарсы тұруға қабілетті болған.

Бүгінде ағзасында АИТВ іздері қалмаған әйел адамның айтуынша, ол вирусқа қарсы ешқандай дәрі қабылдамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956311-alem-boiynsa-tortinsi-adam-vic-ten-zazylyp-syqty/

pixel