Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Опубликовано:

Қазақстандықтар биыл наурыз айында екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. Осыған байланысты, ел тұрғындары бірнеше күн демалатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.
Алдағы айда елімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы тойланады.
Атап айтқанда, Халықаралық әйелдер күніне орай тұрғындар қатарынан үш күн - 6-7-8 наурыз демалатын болады.
7 наурыз дүйсенбіге түсіп тұрғандықтан, тұрғындар 5 наурыз - сенбі күні жұмыс істеп, сәйкесінше дүйсенбі күні демалатын болды.
Сонымен бірге, тұрғындар 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын атап өтеді. 19 және 20 наурыз күндері сенбі-жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар қатарынан бес күн демалатын болады.
Жалпы алғанда, наурыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 12 күн демалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956334-qazaqstandyqtar-nauryz-aiynda-qansa-kun-demalady/