Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ине жұтып қойған бала мұны 2 күн бойы ата-анасынан жасырып жүрген

Опубликовано:

Ине
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Қаражал қаласында абайызда ине жұтып қойған 10 жастағы бала жайсыздыққа екі күн бойы шыдап, мұны ата-анасына айтуға қорыққан. Алайда іші қатты ауыра бастаған соң бәрін айтып берген. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жағдай туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, баласы бәрін айтып берген соң ата-анасы оны Қаражал ауруханасына апарған. Сол жерден жеткіншекті Жезқазғанға жіберген.

"12 ақпанда Жезқазған көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне 2011 жылы туған бала ата-анасымен бірге жүгінді. Ол қозғалған кезде ішінің ауыратынына және асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екеніне шағымданды. Баланың әкесінің сөзінше, ауруханаға келерден екі күн бұрын ұлы үй жағдайында ойнап жүріп, ине жұтып қойған", - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Баланы аурухана дәрігерлері қарап, тексерген. Рентгенография нәтижесі асқазан-ішек жолдарында бөгде заттың бар екенін растаған.

"Тексеру кезінде асқазанында бөгде заттың бары анықталды. Бөгде зат эндоскопиялық әдіспен алынды. Баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оның ата-анасына тұрғылықты мекенжайы бойынша балалар хирургының бақылауында болуға кеңес берілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956350-qaragandy-oblysynda-ine-zutyp-qoigan-bala-muny-2-kun-boiy-ata-anasynan-zasyryp-zurgen/

pixel