Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Алматыдағы "азаптау камераларына" қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Айыпталушы
Көрнекі фото: Максим Золотухин

ІІМ-де өткен онлайн-брифингте Алматыда ортағасырлық инквизиция әдістерін қолданатын "азаптау камералары" туралы жалған хабарламалар тарағаны туралы айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақпараттық кеңістікте тергеу изоляторларында жасалған азаптаулар туралы жалған ақпараттың жаппай тарағаны байқалады. Біз олар шындыққа жанаспайтынын жауапкершілікпен мәлімдейміз. Олар қоғамды адастырады және болып жатқан оқиғалардың нақты көрінісін бұрмалайды.

Алматының тергеу изоляторында ортағасырлық инквизиция стилінде "азаптау камераларын" құру туралы жалған хабарламаға дейін тарады. Мұндай камералар жоқ және болуы мүмкін емес", - деді ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Оның мәліметінше, бүгінде тергеу изоляторларында 728 адам бар – олар ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

"Осы жылдың қаңтар айында Алматы көшелерінде және басқа да бірқатар облыс орталығында тонау қылмыстары орын алғаны, ғимараттарға, автомобильдерге от қойылғаны, бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылық қолданылғаны, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге шабуыл жасалғаны есімізде. (…)

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған адамдар ғана қамауға алынғанын тағы да атап өткім келеді", - деді комитет басшысы.

Ол тағы 270 адам үй қамауына жіберілгенін, қолхат арқылы босатылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956382-iim-almatydagy-azaptau-kameralaryna-qatysty-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel