Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандарда дене жарақаты қайдан пайда болған

Опубликовано:

Бүлік
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ өкілдері онлайн-брифингте Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандардың жақындарына үндеу жасады. Ведомство олардың туыстарынан артық уайымға салынбай, жақындарының денсаулығы туралы call-орталықтан білуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу изоляторына 267 адам дене жарақатымен түсті. Олардың 33-і қалалық ауруханаларда стационарлық емнен өтті. Қалғандары мекемелердің медициналық бөлімдерінде емделді, бірақ сонымен бірге оларды азаматтық дәрігерлер үнемі тексеріп жүр.

Айта кету керек, олар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде, әкімшілік ғимараттарға, қызметкерлерге жасалған шабуылдар барысында жарақат алды",- деді ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Ішкі істер министрлігінің ақпары бойынша, тек бір адам Таразда ауруханада жатыр, ал 30 азамат амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Министрлік өкілдері ұсталғандардың туыстарынан уайымға салынбауды сұрады.

"Біз тергеу-қамауға алынғандардың туыстарынан үрейленбеуді және жақындарыңыз туралы жалған ақпарат бермеуді сұраймыз. Ақпаратқа тікелей медицина қызметкерлері арқылы қол жеткізе алатын мекемелерге хабарласыңыз. Бізде ҚАЖ орталық комитетінде де, жергілікті аумақтық департаменттерде де call-орталық жұмыс істейді", - деді Жанат Ешмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956385-qazaqstanda-tartipsizdikten-keiin-ustalgandarda-dene-zaraqaty-qaidan-paida-bolgan/

pixel