Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көршісінің 3 млн теңгеге жуық қаржысын ұрлаған қарағандылық ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Қарағанды облысының тұрғыны көршісінің үйіне кіріп, 3 миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті деген күдікпен қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 22 қарашасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғына хабарласып, қомақты қаржысын әлдекімнің ұрлап кеткенін айтқан.

Оның сөзінше, жұмыстарымен жүрген уақытта үйіне ұрлықшы түскен.

Шығын көлемі 2,8 миллион теңгені құрапты.

Тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") іс қозғағаны белгілі болды.

10 ақпан күні полицейлер ақша ұрлады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол зардап шегушімен бір көшеде тұрған.

Ер адам кінәсін толық мойындап, қаржының көп бөлігін зергерлік бұйымдар сатып алуға жұмсағанын жеткізген.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956401-korsisinin-3-mln-tengege-zuyq-qarzysyn-urlagan-qaragandylyq-ustaldy/

pixel