Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пандемия оңдырмады": Алматыдағы тойхана халыққа қызмет көрсету орталығына айналды (фото)

Опубликовано:

ХҚКО
Фото: Ришат Асқарбекұлы/Facebook

Алматы қаласындағы үлкен тойхананың бірі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына айналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы белгілі журналист Ришат Асқарбекұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Алматыдағы үлкен тойханалардың бірі АвтоЦОН-ға (ред. автордың орфографиясы сақталды) айналыпты. Жетісу базарындағы халыққа қызмет көрсету орталығы енді Керуен тойханасына көшкен. Кәсіпкер тойдан "толк" жоқ болған соң, "тәпішкесін" ауыстырған болуы керек. Дұрыс, қазақ не болса соған той жасап ақшасын шашқанша, бұл да бір халыққа пайдалы іс бопты.

Алматыда Талғарға шыққан жерде Бұқтырма көшесінде ондаған жаңа той сарайлары салынды. Пандемия оңдырмады", - деді Ришат Асқарбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956419-pandemiya-ondyrmady-almatydagy-toixana-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalygyna-ainaldy-foto/

pixel