СҚО-да ер адам далада бір тәулік бойы адасқан

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам далада бір тәулік бойы адасқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құтқарушылар мен полицейлер 40 жастағы СҚО тұрғынын бір тәулік бойы іздеген. Ер адам салт атпен шығып, адасып кеткен.

Түк көрінбейтін боранда бағытынан адасқан ол кейін қайтатын жолды таппапты .

Ауыл тұрғынын іздеуге ТЖ бөлімшесінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Абырой болғанда, ер адам қар құрсауынан өз бетімен шығып, жақын маңдағы елдімекенге келген.

Ал ақпанның 15-сі М.Жұмабаев ауданында учаскелік полиция инспекторы Мұрат Арықов боран салдарынан Молодогвардейское ауылының жанында тұрып қалған Ақмола облысының үш тұрғынына көмектескен.

Жолаушылар жолды қар басып қалып, көліктерінің істен шығуына байланысты жылыта алмапты.

Учаскелік инспектор жергілікті шаруашылықтың басшысына жүгініп, көлікті сүйрейтін техника сұраған. Бес сағаттан астам далада тұрып қалған ақмолалықтар құтқарылды, дін аман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956420-sqo-da-er-adam-dalada-bir-taulik-boiy-adasqan/