Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда деструктивті діни ағым ұстанушылар құрықталды

Опубликовано:

Күдіктілер
Фото: ҰҚК ресми сайты

16 ақпанда елордада деструктивті діни ағым ұстанушылар тобы құрықталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтанда сотқа дейінгі тергеу аясында деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықталған.

Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деген күдікке ілінген.

Ұсталғандардың екеуі бұрын жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

"Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу іс-қимылдары жалғасуда", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956462-nur-sultanda-destruktivti-dini-agym-ustanusylar-quryqtaldy/

pixel