Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрбір үшінші қиратушы жағдайды пайдаланған": Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктер туралы айтты

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Өртенген Алматы әкімдігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратураның Бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ өткен брифингте қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың портретін ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қилымжановтың сөзінше, бүгінде 741 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр. Оның ішінде 113-і бұрын сотталған, 42-сі тыйым салынған экстремистік ұйымдардың қатысушыы және 35-і ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі.

"Біз жеке-басын тексеріп, Алматыда қамауға алынғандардың портретін жасадық. Негізгі массада - олар жоғары білімі мен тұрақты жұмысы жоқ 30-ға дейінгі жастар", - деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, ұсталғандар арасында анонимді сауалнама жүргізілген.

"Әрбір үшінші қиратушы жағдайды пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлау арқылы пайдаға кенелгісі келгенін мойындады", - дейді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956467-arbir-usinsi-qiratusy-zagdaidy-paidalangan-bas-prokuratura-qantardagy-tartipsizdikter-turaly-aitty/

pixel