Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақсатты түрде үрей тудырды": Бас прокуратура тәртіпсіздіктер кезіндегі терроризм актілері туралы айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратураның Бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ өткен брифингте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушылардың кейбірі күштік құрылым қызметкерлері мен әкімшілік ғимараттарға не себепті шабуылдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елдос Қилымжанов өз сөзінде тәртіпсіздіктерге қатысушылардың кейбірі күштік құрылымдар мен мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасағанда қандай мақсатты көздегенін айтты.

"Жеке тұлғалар халық арасында дүрбелең, үрей тудыру және мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату үшін мақсатты түрде әрекет етті.

Бұл үшін олар мемлекеттік биліктің нышаны әкімдік ғимаратына шабуыл жасады, сондай-ақ тәртіп күштерінің объектілеріне шабуыл жасап, оған тосқауыл қойды", - деп хабарлады ол.

Қилымжановтың сөзінше, осындай іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 255-бабына сәйкес, терроризм актілері ретінде сараланады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елдос Қилымжанов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың портретін ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956472-maqsatty-turde-urei-tudyrdy-bas-prokuratura-tartipsizdikter-kezindegi-terrorizm-aktileri-turaly-aitty/

pixel