Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша адамның оқ жарақатын алғаны белгілі болды

Опубликовано:

Тапанша ұстаған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ өткен брифингте қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша азаматтың зардап шеккенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі

Әділовтің хабарлауынша, полицейлер адамдардың қайтыс болуы мен олардың қаңтардағы оқиғалар кезінде жарақат алуы фактілерін тергеп жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған оқиғалар кезінде 1726 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 673-і оқ жарақатын, 469-ы пышақ және үшкір зат жарақатын, 431-адам дене жарақатын алған.

Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі Алматыда (686 адам), Алматы облысында (336 адам), Қызылорда облысында (164 адам), Жамбыл облысында (153 адам) тіркелген. Содан кейін Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысында 126 адамнан медициналық көмекке жүгінген", - деді Әділов.

Спикер жарияланған мәліметтер тек азаматтық тұлғаларға қатысты екенін атап өтті.

"Олардың бірқатары жарақаттарды мемлекеттік мекемелер нысандарына және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз еткен қызметкерлерге шабуыл жасау уақытында алғаны күмәнсіз. Негізінен мұны видеожазбалар дәлелдейді. Басқа жағдайлар кезінде дене жарақаттарын алудың мән-жайларын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда", - деді Санжар Әділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956474-qantardagy-tartipsizdikter-kezinde-qansa-adamnyn-oq-zaraqatyn-algany-belgili-boldy/

pixel