Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін қанша адам қамауға алынды

Опубликовано:

Ұстау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік бойынша қамауға алынған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгінгі таңда ішкі істер органдары 2 565 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар бойынша 271 адам қамауға алынды", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, қамауға алу туралы барлық шешім қылмыстық-процессуалдық заң бойынша шығарылады. Міндетті түрде прокуратураның келісімі алынады және сот санкциясы беріледі.

Бүгінде ұсталған адамға қатысты заңсыз күш қолдану және тағы басқа арыздар болса, ішкі қауіпсіздік департаменті бірден тексеріс өткізеді. Осы уақытқа дейін 59 шағым қаралып, қылмыстық істер қозғалды. Барлық материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

"Бұдан бөлек, 18 арыз бойынша қызметтік тексеріс жасалды. Адамдардан жауап алынды, бейнежазбалар тексерілді. Билікті асыра қолдану фактілері расталған жоқ. Барлық тергеу шаралары бейнебақылау жүйесі орнатылған жерлерде жүргізіледі", - деді департамент бастығы.

Осы орайда Әділов изолятордан 103 адам босатылғанын атап өтті. Олардың жазасы жеңілдетілді. Мәселен, соңғы үш күннің ішінде 36 адам босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956490-eldegi-zappai-tartipsizdikten-keiin-qansa-adam-qamauga-alyndy/

pixel