Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құны 149 млн: Алматыдағы жасырын зертханадан психотроптық заттар тәркіленді

Опубликовано:

Алматыдағы жасырын зертханадан табылған психотроптық заттар
Фото: https://www.gov.kz/knb

Алматыда ақпан айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотроптық заттарды заңсыз жасау бойынша есірткі зертханасын жапты. Ол жерден қара нарықтағы құны 149 миллион теңге болатын психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасай отырып.

"Көрсетілген құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығы үшін оңтүстік астананың тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және "α-PVP" психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн. теңгеге бағаланып отыр", – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Зертхананы зерттеу барысында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізуге арналған 500-ден астам "экстази" таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г "а-PVP" психотроптық заты тәркіленген.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956540-quny-149-mln-almatydagy-zasyryn-zertxanadan-psixotroptyq-zattar-tarkilendi/

pixel