Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы бір бейбіт митинг өтеді

Опубликовано:

Алматы қаласы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 26 ақпан күні қаладағы экологиялық ахуалға биліктің назарын аудару мақсатында санкцияланған митинг өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы әкімдігі митинг 12.00 -ден 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда - Шевченко көшесіндегі Ғылым академиясы ғимаратының алдында өтетінін хабарлады.

Белсенділердің сөзінше, қаланы басып тұрған көк түтін тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде.

"Әрбір алматылық, сондай-ақ қала қонақтары тауға шыққан кезде қаланы қалың "сұр тұман" басып тұратынын көрген шығар. Расында, біз бәріміз осы ауамен дем аламыз. Экологиялық апат адамдардың табыс деңгейіне, кәсібіне, жасына, этникалық және гендерлік ерекшелігіне, саяси көзқарасына қарамастан, барлығына қауіпті. Бұл мәселе біздің сүйікті қаламыздың барлық тұрғындары мен қонақтарына да қатысты", - делінген Instagram желісіндегі жазбада.

Айта кетсек, бұған дейін 5 ақпанда оңтүстік астанада рұқсат етілген митинг өткен еді. Ол кезде белсенділер әкімдерді сайлау мәселесін көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956607-almatyda-tagy-bir-beibit-miting-otedi/

pixel