Тоқаев әкесі туралы түсірілгелі жатқан кино жөнінде: Ешкімге тапсырма берген жоқпын

Опубликовано:

Тоқаев сұхбат
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық телеарна эфирінен берілген кезекті сұхбатында "Әке туралы ой-толғау" кітабының желісі бойынша бір продюсерлік орталық түсіргелі жатқан кино туралы сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы өзі жазған кітабының негізінде кино түсіргелі жатқанынан хабардар екенін айтты.

"Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956687-toqaev-akesi-turaly-tusirilgeli-zatqan-kino-zoninde-eskimge-tapsyrma-bergen-zoqpyn/