Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды
Опубликовано:

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1 351 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 99
- Алматы қаласында - 520
- Шымкент қаласында – 19
- Ақмола облысында – 57
- Ақтөбе облысында - 10
- Алматы облысында - 104
- Атырау облысында - 10
- Шығыс Қазақстан облысында - 64
- Жамбыл облысында - 15
- Батыс Қазақстан облысында - 35
- Қарағанды облысында - 98
- Қостанай облысында -105
- Қызылорда облысында -6
- Маңғыстау облысында - 0
- Павлодар облысында - 96
- Солтүстік Қазақстан облысында - 108
- Түркістан облысында - 5.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 296 601-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 4 107 адам аурудан жазылып шыққан.
Қазір елімізде 39 556 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 269 пациент стационарда, 34 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
289 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 92 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956707-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/