Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Қызыл" аймақта Алматы мен екі облыс қана қалды

Опубликовано:

қызыл аймақ111
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирустың таралуы бойынша жағдай жақсарған, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысы "жасыл" аймаққа, Ақмола облысы мен Қостанай облысы "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа өткен.

18 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "Қызыл" аймақта: Алматы қаласы мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.
  • "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1 351 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956719-koronavirus-qyzyl-aimaqta-almaty-men-eki-oblys-qana-qaldy/

pixel